Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Азия елдерінің ережелері мен тұрмыс-салты

Азия елдерінің ережелері мен тұрмыс-салты

Азия елдерінің ережелері мен тұрмыс-салты

Қазіргі таңда Азия елдері ірі туристік аймақтардың біріне айналды. Азия елдері туристерді көне сәулет өнері, хан сарайлары, экзотикалық ауқаты және таңғажайып табиғатымен өзіне тартады. Алайда, Азия елдеріне жол жүрмес бұрын, шығыс халқының ережелері мен тұрмыс-салтын біліп алған жөн.

Мысалы, Қытай елінде тіпті, қоғамдық жерлерде қатты сөйлесу үйреншікті әдет. Жергілікті халық даусын көтеріп сөйлессе, бұл дөрекілік немесе әдепсіздік емес. Сондай-ақ, Қытай елінің азаматтары сізге назарын аударып, бедірейе қараса, ол таң қалмаңыз. Себебі, жергілікті халық қызыққұмар болып келеді.

Кез келген қала я өлкенің, оның ішінде Пекин сияқты алып қаланың көлік жүргізушілері өзге тілдерде сөйлемейді. Сондықтан да, керекті жердің мекен-жайын қытай тілінде жазып алып, жүргізушіге көрсетіңіз. Мейрамханалар мен қонақүйлерде шайпұл қалдыру міндетті емес. Себебі, көрсетілген қызмет ақысы шотқа енгізіледі.

Өзіңізбен бірге қолма-қол ақша-қаражаттарын алып жүрген абзал. Себебі, аспан асты елінде пластикалық карталармен қолдану әдетке айналмаған.


Гонконг қаласында болып, сырқаттанып қалған жағдайда, міндетті түрде, медициналық маска киіп алыңыз. Егер де маска кимей, түшкіріп я жөтеліп қалсаңыз, сізге жергілікті халық оң қабақ танытпайды.

Сингапур елінің азаматтары бір-біріне сыпайылық танытады. Айналасындағы кісілермен «аға-тәте», «әпке-көке» деп сөйлеседі. Алайда, сыпайлылық танытқанымен, сингапурлықтар жылы шырайлы және ашық мінезді жандар емес.


Тайланд елінде патша әулетінің мүшелеріне ерекше құрмет көрсеткен жөн. Кері жағдайда, бұл дөрекілік пен әдепсіздіктің белгісі болып есептеледі. Сондай-ақ, Будда мүсіндерінің маңына жақындап, фотосуретке түсуге рұқсат етілмейді. Себебі, тай халқы Будданың кез келген бейнесін қастерлейді. Ал сәлемдескен кезде, олар алақандарын біріктіріп, бастарына тігізіп, иіледі. Ең бірінші болып, жасы кіші жан иілуі қажет.

Суреттер: vesveter.ru, dopotopa.com

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 наурыз 2012, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.