Францияда бәрі бар!

Францияда бәрі бар!

Францияда бәрі бар! Бұл сөзімізді батыл әрі әділ түрде бірнеше рет қайталап айта аламыз. Өзіңіз саралап көріңізші: Парижде круассанмен ұсынылатын кофеден есіңіз ауысады, ондағы сәулетті көрмелер мен мұражай туралы ештеңе айтпай-ақ қоялық. Ниццада жұлдыздармен танысып-табысып, Монте-Карлода адам нанғысыз ұтыстарға ие боласыз. Жуан-ле-Пенде "сұмдық" сұлу қыздардың куәгері атанып, Бургундия мен Бордо жерінен дәмі тіл үйірер шарапты татасыз. Қысқасы, Франция алаңсыз демалыс пен көңілді уақыт өткізуге таптырмас елдердің көшінде тұр.

Мысалы, Францияда әлемдегі ең көп ғимарат орналасқан бірден-бір мемлекет. Онда 4969 ғимарат бар. Франция кинематографтың, велосипедтің, балеттің, шансонның, Сезаннаның,  Альфонса Доденің, Экзюперидің, Дюманың, Мольердің, Вольтердің Oтаны.

Француздықтар гильотинды ойлап тапқандықтарын (қылмысты адамдардың басын шауып алуға арналған құрал) айтып мақтан тұтады. Алайда олар 1981 жылы гильотиннің көмегімен орындалатын өлім жазасынан бас тартты.

Францияда шошқаларға "Наполеон" деген атты беруге тыйым салынған. Франция ірімшіктің 300-ден астам түрін өндіреді.

Франция – әлемдегі туризм саласы ең жақсы дамыған ел. Жыл сайын бұл елге 67 млн. турист қыдырып келеді (бұл жергілікті халықтың санынан да көп).

Францияда бұрандалардың (штопор) әлем бойынша жалғыз мұражайы бар.

Францияның ресми тілі – француз тілі. Бірақ, ағылшын тілін білмесеңіз, сізді ешкім де жұмысқа алмайды. Олар сіздің француз тілінде сөйлей алмайтыныңызды түсінгенімен, ағылшынша білмейтініңізді түсіне алмайды және кешірмейді. Акцентпен сөйлейтініңіз байқалған жағдайда әңгіме бірден ағылшын тіліне ауысады. Бұл жерде сіздің ағылшын тілін меңгермегеніңіз ескерусіз қалады.

Құрмет Легионының мүшесі болу кез келген француз үшін үлкен мәртебе. Бұл атаққа қолдары жеткен легионерлер раушан пішініндегі қызыл лентаны тағып жүреді.

Француздардың ұлттық нандарына дәмдеуіштердің көп қосылатындығы соншалықты, одан шығатын иіс парфюрмериядан да асып түседі.

Ел аузында "Франция мұнай да, газ да өндірмейді, мұнда тек қана тағам шығарылады" деген сөз қалыптасқан. Халық айтса, қалт айтпайды. Францияның сіздің асқазаныңыз үшін естен кетпес мереке ұйымдастыра алатындығына күмәніңіз болмасын.