Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы қалалар рейтингі жарияланды

Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы қалалар рейтингі жарияланды
Фото: www.classpic.ru

Nestpick жалға беру қызметі қашықтан жұмыс істеуге өте ыңғайлы әлем қалаларының рейтингін жасады. Тізімді Мельбурн (Аустралия) қаласы бастады. Үздік үштікке Дубай мен Сидней де кірді.

Рейтингті анықтау кезінде әр қаланың фрилансерге қаншалықты қонақжай екені 20 критерий бойынша талданды: мысалы, өмір сапасы, қауіпсіздік, интернет жылдамдығы. Әрине, коронавирус жағдайын да ескеруге тура келді.

Сонымен, қашықтан жұмыс істеуге ең жақсы 10 қалаға назар салыңыз: 

Мельбурн, (Аустралия)

Дубай, (БАӘ)

Сидней, (Аустралия)

Таллин, (Эстония)

Лондон, (Ұлыбритания)

Токио, (Жапония)

Сингапур, (Сингапур)

Глазго, (Шотландия)

Монреаль, (Канада)

Берлин, (Германия) 

Тізімге барлығы 75 қала енгізілді. Рейтингтің толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

А. Оралқызы