Токионы жақсы көруге тұрарлық 5 себеп

Токионы жақсы көруге тұрарлық 5 себеп
Фото: wantsee.world

Ескілердің ескісі, жаңалардың жаңасы, ешбір қалаға ұқсамайтын шаһар Токио десек қателеспейміз. Ұлттық мәдениет пен жаңашылдықтың астасып жатқан жеріне саяхттағыңыз келсе Токиоға баруды ұмытпаңыз. Біз бүгін Токиона жақсы көруге тұратын 5 себепті атайтын боламыз. 

1. Тамақ
Бұл қалада әлемдегі топ-шеф аспаздар тұрады. Олар сізге мейрамхана мәдениетін таныстырады. Токио көшелерін аралап жүріп, мейрамханаға соқпай өтпейтініңіз анық. Көше тағамынан бастап, түрлі мейрамханалардан шыққан бұрқыраған иіс сіздің назарыңызды аудармай қоймайды. Егер суши, темпура, "соба" лапшасын жақсы көрсеңіз, міндетті түрді туған жеріне баруды ұмытпаңыз.  

2. Мәдениет
Тарихи құндылықтар фестивалі, атақты мұражайлар, театр қойылымдары, арт-галлереялар мен музыкалық кештер сіздің ешқашан Токиода ішіңіз пыспайды. Жыл сайын наурыз айында сакура ағашы гүлдейді. Бұл сәттің куәгері болу үшін шетелден туристер ағылса, өз тұрғындары суретке түсіру үшін көшеге шығады. 

3. Стиль
Өзіңіздің жеке стиліңіз болса, сізд Токио асыға күтеді. Өйткені, өзінің ойындағысын стиль арқылы көрсету бұл аймақта танымал. Harajuku –  сәнді танымал аудан. Бұл жерден винтаж, брэндті киімдер мен косплейге арналған костюмдер таба аласыз.

4. Жаңалықтар аймағы
Токио ғаламдық инновация мен технологиялардың қаласы. Түнгі қала жарыққа бөленіп, түрлі жарналамалық баннерге толы. Тіпті сізді жапониялық әжетханалар таңқалдырады. Егер болашаққа саяхаттағыңыз келсе, онда Токиоға барыңыз.

5. Ескіліктің көрінісі
Қалайның кей бөлігі керемет жаңа технологияға толы болса, бір бөлігі қаланың тарихи көрінісін сақтап қалған. Harajuku ауданынан кейін Meiji-jingu ғибадатханасы танымал. Ал Hie мен Nezu ғибадатханасы сізді өзінің қақпасымен баурап алады.

Т. Есқали