Дүниежүзінде өзі саяхаттайтын туристер саны азайды

Дүниежүзінде өзі саяхаттайтын туристер саны азайды
Фото: envato.com

Пандемияға байланысты өзі саяхаттайтын туристер саны күрт азайды. Ұлыбританиялық туристік агенттіктер қауымдастығы (ABTA) тәуелсіз саяхаттар танымалдығын жоғалтып жатқанын көрсететін зерттеу жүргізді.

Коронавирус пандемиясына дейінгі кезеңге қарағанда, туристер агенттіктердің қызметіне 28% жиі жүгіне бастаған.

ABTA жүргізген зерттеу саяхатшылардың турпакетті жиі ала бастағанын көрсетті. Туроператорлар ұсынатын жолдамалар өз бетінше саяхаттауға қарағанда туристерді барынша жоғары деңгейде қорғайды. Өйткені қыдырып баратын елінде эпидемиология жағдайы өзгерсе, броньды жоюға және ақшаны қайтаруға немесе саяхат күнін өзгертуге мүмкіндік береді.

Жолдама тапсырыс берген туристер ақшасына сапасы сай келетін турпакет алады. Ал әрбір саяхатшыға турагент шартты түрде "бекітілген" болғандықтан, турист қандай да бір мәселе бойынша кімге жүгіну керегін ойлаудың қажеті жоқ. Компания әрдайым ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.

Жолдаманы туризм маманынан брондаудың себебі ретінде зерттеуге қатысқандардың жартысы турдың қауіпсіздігін атап өтті. Олардың 48%-і туристік компанияларға сенім білдіретіндерін айтты. Өйткені турагенттер бірнеше өзекті мәселені шешеді.

дереккөз:kaz.tengritravel.kz

Т. Есқали