Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды

Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды
Фото: rbc.ru

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды, - деп хабарлайды Business Today. Оны бөтелкедегі су өндіретін Nongfu Spring компаниясының негізін қалаған Чжун Шаньшан басып озды.

Қытайда бөтелке су өндіретін ең ірі Nongfu Spring компаниясының негізін қалаушы  Чжун Шаншань қазіргі уақытта Азиядағы екінші бай адам саналады. Ол Reliance Industries Ltd (RIL) бас директоры Мукеш Амбаниден кейін тұр. 

Bloomberg Billionaires Index индексіне сәйкес, Шаньшанның байлығы - 58,7 миллиард доллар. Қазіргі уақытта ол америкалық Фил Найт пен Чарльз Кохтан сынды миллиардерлерді озып, ең бай адамдардың жалпы тізімінде 17-ші орынға ораналасты.

Ал жағдайы 56,7 миллиард долларға бағаланған Джек Ма Қытайдың бай адамдарының рейтингінде екінші орынға түсті.

tengrinews.kz

Г. Берік