Жердің ғарыштан түсірілген таңғажайып 7 фотосуреті

Жердің ғарыштан түсірілген таңғажайып 7 фотосуреті

Ғарыш кемесінің терезесінен алыстап бара жатқан Жерді тамашалау – ғарышкерлердің сүйікті ісі дерсіз. Көкке көтерілген ғарышкерлер Жерде суртке көп түсіреді. Назарыңызға Халықаралық ғарыш айлағынан түсірілген ең ерекше фотоларды ұсынамыз.

1. Суреттен Мадагаскар аралының солтүстік-батысында орналасқан Бецибук өзенінің сағасын көруге болады. Бұл фотоны 2005 жылы 8 наурыз күні Халықаралық ғарыш айлағында істеген ХҒА-10 экипажы түсірген. 

2. Суретте Атлант дауылы маусымының ең жойқын тропикалық циклоны - "Дин" дауылы бейнеленген. Фотосурет 2007 жылы Индевор ғарыш кемесінде болған экипажға тиесілі.

3. 1984 жылдың 5-13 қазаны. Үлкен Гималай таулары. Фотосуретке Үндістан, Пәкістан және Қытай аумағы енген. Суретті 6-шы "Челленджер" шаттлының экипажы түсірген.

4. Солтүстік Америкада орналасқан Ұлы көлдер. Суреттің төменгі жағынан Онтарио көлін, ал орта тұсында Детройт қаласын байқауға болады. Фотосурет 1994 жылы ұшқан 19-шы Discovery кемесінен түсірілген.

5. Солтүстік Америкадағы Чугинадак аралында орналасқан Кливленд жанартауының атқылаған сәті. 2006 жылы Халықаралық ғарыш айлағына беттеген экипаж жанартау атқылауының куәсі болған.

6. Таңғажайып Мадагаскар. "Союз МС-08" ғарыш кемесінің бортинженері Рикки Арнольдтың 2018 жылы Африка үстінен түсірген суреті.

7. Ал бұл танымал суретті 1972 жылы "Аполлон-17" миссиясының экипажы Жерден 29 000 шақырым қашықтықта түсірген. Фотосуретті Көгілдір марбл деп атап кеткен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді
Елде жалдамалы жұмысшылар құқығын қорғайтын заң мақұлданды
Елде жалдамалы жұмысшылар құқығын қорғайтын заң мақұлданды