Табиғат коронавирусқа рақмет айтуы керек пе?

Табиғат коронавирусқа рақмет айтуы керек пе?

Әлемді дендеген коронавирус індеті адамзатты үйіне қамады. Осы уақытқа дейін табиғатта біраз өзгеріс байқалды. Әсіресе ауадағы азот диоксиді мөлшері едәуір азайғанын ғарыш агенттіктері хабарлап жатыр.

Қытайдағы ауа

Осыған дейін жасанды серік түсірген суреттер Қытай аспанындағы ауа біршама тазарғанын көрсеткен. Бұған коронавирус карантиніне байланысты зауыттардың тоқтауы себеп болған. Бұл туралы NASA ғарыштық агенттігі хабарлаған еді.

Италиядағы ауа

Ал жақында Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) мен тәуелсіз зерттеушілер Италиядан да осындай жағдайды байқаған. Аталған агенттікке қарасты Copernicus Sentinel-5P жасанды серігі Италия төңірегінде ауадағы азот диоксиді қалдығының азайған сәтін суретке түсіріп алған. Copernicus Sentinel-5P жетекшісі Клаус Зенер «Солтүстік Италиядағы По өзенінің бойында азот диоксидінің азайғаны анық көрінеді. Бұған Италия тұрғындарының оқшаулануы мен өндірістік орындардың жабылуы әсер еткеніне сенімдіміз» дейді.

Мына суреттер 8 ақпан мен 7 наурызда түсірілген. Картадан екі түрлі жағдайды көруге болады.

Венеция каналы

Венеция да карантин кезінде әлдеқайда тыныстап қалғандай. Әдетте канал бетінде қайықтар жиі жүзетіндіктен балықтар тұрғындарға мүлдем көрінбейтін. Қалада тыныштық орнаған соң, майда балықтардың қала ішінде канал бойымен жүзіп жүргенін тұрғындар енді байқай бастаған. Әлеуметтік желіде венециялықтар «Адамзат қателігін түсініп келе жатқандай, басқа тіршілік иелеріне өмір сүруге мүмкіндік бермеппіз ғой» деп жариялай бастапты.

Жапон көшелеріндегі жануарлар

Жапония тұрғындары Нара саябағындағы жануарлардың көшеге шығып, жем іздеп жүргенін көрген. Әдетте туристер саябақты аралап жүріп, жануарларға тамақ беретін. Елде карантин жарияланған соң, оларға жем беретін адамдар да қалмаған. Әсіресе, бұландар мен киіктер.

Тайландта маймыл, Италияда қабан, жылқы, қойлар да көшеде жем іздеп жүр.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Зерттеу: Перфекционист ата-аналардың талабы тым жоғары болады
Зерттеу: Перфекционист ата-аналардың талабы тым жоғары болады
Боксшы Бобыржан Момынов: Әр адамның өз әлсіз тұсы бар
Боксшы Бобыржан Момынов: Әр адамның өз әлсіз тұсы бар
Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?
Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?
Қарапайым экономика: Мемлекеттік қарыз деген не?
Қарапайым экономика: Мемлекеттік қарыз деген не?
Қазақстан: тамыз айында қандай автомобильдер көп сатылды?
Қазақстан: тамыз айында қандай автомобильдер көп сатылды?
Жойылу алдында тұрған тіршілік иелері
Жойылу алдында тұрған тіршілік иелері