Жаһандық жылыну жүзім плантацияларының 85%-ын құртады

Жаһандық жылыну жүзім плантацияларының 85%-ын құртады
Фото: vk.com

Ғалымдар жаһандық жылыну салдарынан жүзімнен шарап өндіру кәсібі құлдырайтынын ескертті.

Proceedings of the National Academy of Sciences мақаласында зерттеушілер 2°C жылудың өзі айтарлықтай зиян тигізетінін айтады. Ал көрсеткіштің 4 градусқа артуы жүзім плантацияларының 85%-ын құртып жібереді екен.

Өндіріске тиетін зиянды нақты анықтау үшін ғалымдар жүзімнің әрбір түрінің 0,5, 2 және 4°C көрсеткішке қаншалықты бейімделе алатынынзерттеген. Тәжірибеге түскендер жүзім түрлері қатарында "каберне совиньон", "шардоне", "мерло", "пино-нуар" мен "рислинг" сынды 11 сұрып бар.

Ауа температура бұрыннан ыстық аймақтарға төніп тұрған қауіп көбірек. Мысалы, мұндай жағдайда, ең алдымен, Италия, Испания мен Аустралия плантациялары жойылады.

Бірақ ғалымдар кей жүзім түрлері үлкен өзгерістерге бейімделгіш келетінін де айтып отыр.

А. Оралқызы