Әлемнің 2000 қаласында жаһандық жылынуға қарсы ереуіл өтті

Әлемнің 2000 қаласында жаһандық жылынуға қарсы ереуіл өтті
Фото: 112 Украина

Күні кеше әлемнің 2000 қаласының тұрғындары жаһандық жылынуға қарсы ереуілге шықты. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ереуілге шыққандар осылайша 16 жасар экология қорғаушысы Грет Тунбергті қолдайтынын көрсетпек болған. Оқушы қыз өткен жылы Швецияның ұлттық парламентінің алдында "Климат үшін мектеп ереуілін" жасаған еді.

Акция осы аптада өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитіне орай өтті. Белсенділер саммитте климаттың өзгеруіне әкеп соқтыратын проблемалардың шешімін табуды талап етті.

Ереуіл Тынық мұхитындағы Кирибати, Соломонов аралдары мен Вануату секілді мемлекеттерде басталды. Көшеге шыққандар "Біз батпаймыз, біз күресеміз" деп ереуілдетті.

А. Рысдәулет