Африкадағы арыстандардың саны азая түскен

Африкадағы арыстандардың саны азая түскен

Оксфорд университетінің жүргізген зерттеу нәтижесінде Африкада табиғи ортаны мекендейтін арыстандардың саны азайып кеткенін анықтады.

Британ университетінің жабайы табиғатты қорғау жөніндегі зерттеу бөлімінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта Африкадағы арыстандардың мекені 95%-ке азая түскен. Осының салдарынан арыстандардың саны 22 509-ға кеміген. Мысалы, Малавиде небәрі 5 арыстан табиғи мекенде өмір сүрсе, Анголада 25, Руандада 22, Нигерияда 30 ғана арыстан бар.

Жабайы табиғи ортаны мекендейтін арыстандардың ең көбі Танзанияда - 8 176, ал ОАР-да - 2 070, Кенияда - 1 825, Замбияда - 1 095, Мозамбикте - 1 295, Зимбабведе - 1 709 қалған.

А. Рысдәулет