Мэрилин Монроның сүйікті жекежайы

Мэрилин Монроның сүйікті жекежайы

Өткен ғасырдың Голливуд жұлдыздары кезек-кезек сатып алған лос-анджелестік Owlwood Estate жекежайы сатылымға шығарылды. Жылжымайтын мүліктің белгіленген құны – $115 миллион.

Ренессанс стилінде жасалған үй жобасымен 1930 жылдары италиялық сәулетші Роберт Ф. Фаркуар айналысқан екен. Үйдің аумағы 10 гектарды құрайды. Ол Холмби-Хиллз аймағындағы Сансет бульварына жақын орналасқан.

Үйде 9 жатын бөлме және 10 жуынатын бөлме бар. Үйдің іші керемет көркем баспалдақ, мәрмәр пештер, хрусталь шамдар мен алтын жалатылған жиһазбен безендірілген.

Бір кездері осы жекежайда 20th Century Fox студиясының негізін қалаушы Джо Шенк те тұрған екен. Үй иесі өзінің сүйіктісі Мэрилин Монроны қонаққа жиі шақыратын. Сатылымға шығарылған жекежай Монроның жанына рахат сыйлап, "жұлдыз өмірінен" тынығатын ғибадатханасы іспетті болған деседі.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар