Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Туристер арманы болған Монако

Туристер арманы болған Монако

Туристер арманы болған Монако

Монако немесе Монако княздығы (фр. Monaco, Principauté de Monaco) — Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет.

Жер аумағы 1950 шаршы шақырым. Халық саны – 36 мың. Этностық құрамының 47 пайызын француздар, 16 пайызын италиялықтар, 16 пайызын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвелльден құралады. Ресми тілі – француз. Ұлттық мейрамы – ұлт күні, 19 қараша.

Ежелгі заманда Монако аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. Х – І ғасырларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. І ғасырда Монако Римнің қол астына өтсе, VІІІ – Х ғасырларда арабтардың билігі орнады. ХІ ғасырдың 2-жартысында Монаконы генуялықтар басып алды. 1215 жылы олар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. Монако 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 жылы Францияның қамқорлығына өтті. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады.

1868 жылы Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзіне айналды. 1899 жылы Монакода мұхиттық зерттеулердің халықаралақ орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 жылы Монаконың бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1962 жылы 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. Монакода Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. Монако көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы саналады.

Монако – Еуропадағы туризмнің де негізгі орталығының бірі. Елде халықаралық деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемлекеттік кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 10 мамыр, 13:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.