Илон Маск Лос-Анджелестегі үйін сатуға қойды

Илон Маск Лос-Анджелестегі үйін сатуға қойды
Фото: vk.com

Tesla және SpaceX компанияларының өнертапқышы әрі атқарушы директоры Илон Маск Лос-Анджелестің Брентвуд аймағындағы үйін сатылымға шығарды.

Бұл сарай — Маскқа тиесілі жылжымайтын мүліктер ішіндегі ең қарапайымы. Көлемі 280 шаршы метрді құрайтын үйде  4 жатын бөлме, 4 жуынатын бөлме, айрықша стильдегі 1 асүй мен тұрмысты жеңілдететін мыңдаған құрылғылар бар.

Үйдің терезелерінің барлығы еденнен төбеге дейінгі жерді тұтас алып тұр. Іште отырып-ақ "Періштелер қаласының" әдемі келбетін тамашалай аласыз, сондай-ақ,  ауладағы үлкен бассейн мен спа-зона көрінеді. Ғаламшараралық кеңістікті "ойынға" айналдырып жүрген Илон үйді $ 4,5 миллионға бағалап отыр.

А. Оралқызы