Жаңа еуро қандай болады?

Жаңа еуро қандай болады?
Фото: vk.com

Еуропа орталық банкі  € 100 мен € 200 номиналдарының жаңа нұсқасын көрсетті.

Банк сайтында "Банкноттар жасауда IT заманының инновациялық жетістіктері пайдаланылды. Оның жасанды екен білу енді еш қиындық тудырмайды", - деп жазылған.

Сұр түсті жолақтың жоғарғы жағында кішігірім € таңбасы көрсетілетін спутниктік голограмма бар. Олар купюра нөмірін қоршай орналастырылған және тікелей жарық астында жарқырай түседі.

Онда Еуропа портреті, сәулет мотивтері мен үлкен € символы бейнеленген. Жаңа € 100 және € 200 банкноттарының бұрынғы өлшемдерден де айырмашылығы бар: енді олардың ені 50 еуроның өлшемімен бірдей болады. Бірақ ұзындығы өзгеріссіз қалды. Банкнот неғұрлым ұзын болса, оның номиналы да соғұрылым жоғары.

Жаңа нұсқадағы € 100 мен € 200 көктемнен бастап, нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың 28 мамырында айналымға түседі.

А. Оралқызы