Қазақстан Жер шарындағы ең бақытты ел ондығына кірді

Қазақстан Жер шарындағы ең бақытты ел ондығына кірді
Фото: vk.com

Gallup International басылымының жыл сайын өткізетін зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 74 бақытты ел тізімінде 6-орынға шықты.

«Сіз өзіңізді бақытты не бақытсыз сезінесіз бе, немесе өзге жауабыңыз бар ма?» деген мәндегі сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 76%-ы бақытты, 2%-ы бақытсыз, 19%-ы белгісіз десе, 3%-ы жауап беруден бас тартқан.

Осындай сұрақтарға негізделген зерттеу жауаптары бойынша, Фиджи, Колумбия, Филиппин аралдары, Мексика және Вьетнам мемлекеттері Қазақстанның алдындағы сатыларға орнықты. Ал, зерттеушілер тізімнің соңына орналастырылған Иран, Ирак және Украина елдерінің тұрғындары ең бақытсыз адамдар екенін айтады. Өйткені, сауалнама көрсеткіші осындай нәтиже беріп отыр.

Ал сіз бақыттысыз ба?

А. Оралқызы