Дубай қоқысты өңдеуде өндірілетін энергияны пайдаға жаратпақ

Дубай қоқысты өңдеуде өндірілетін энергияны пайдаға жаратпақ
Фото: vk.com

Дубай қаласы басшылығы 120 мың үйді ерекше әдіс пайдалана отырып жарықпен қамтамасыз етпек. Олар қоқысты өңдеуде өндірілетін энергияны пайдаға жаратпақ.

Дубай муниципалитеті әлемдегі ең үлкен қоқыс өңдеуші зауыт жұмысын жолға қойғалы отыр. Waste to Energy аталатын жоба бағасы $ 680 миллион тұрады. Зауыт жылына шамамен 1,82 млн тонна қоқыс өңдемек. Бұл көрсеткіш 2 мың биік ғимаратты электр тоғымен қамтамасыз етуге жетеді.

Күн сайын Дубайда шамамен 8 мың тонна тұрмыс қалдығы шығарылады. Зауыт осының жартысынан көбін, яғни, 5 мың тоннасын энергияға айналдыратын болады. Қоқыс өңдеуші зауыттың құрылысы биыл басталады, ал ашылуы 2020 жылға жоспарланып отыр.

А. Оралқызы