Калифорнияда жалған көлеңкелер қайдан пайда болды ?

Калифорнияда жалған көлеңкелер қайдан пайда болды ?
Фото: vk.com

Деймон Беланджер есімді америкалық суретші Калифорния штатының Редвуд-Сити орталығы көшелеріне қызықты суреттер салды. Өнер адамы қарапайым дүниелерге айрықшы көлеңкелер ойлап табу идеясының туғанына көп болғанын айтады.

Жалпы Shadow Art жобасының шеңберінде Беланджер мырза 20 сурет салып үлгерген. Жалған көлеңкелерді асфальтқа трафарет көмегімен сұр бояуды пайдалана отырып бейнелеген.

"Көлеңкелердің ерекше болуы күнделікті қарапайым дүниелерге әр беріп, қала тұрғындарына қуаныш сыйлайды",– дейді суретші.

А. Оралқызы