Антарктида жайлы қызықты деректер

Антарктида жайлы қызықты деректер
Фото: www.lookandtravel.ru

Антарктида – жер шарындағы жалғыз мұзды материк. Жалпы көлемі 14 млн шаршы метрді құрайды. Бұл материктің 99%-ын мұз басып жатыр. Антарктида – жер шарындағы ең биік құрлық боп саналады. біз бүгін осы бір ерекше материк жөніндегі қызықты деректерді ұсынып көрмекпіз.

"Антарктида" сөзі "аюға қарама-қарсы" деп аударылады. Ежелгі гректер мұзды аймақты солтүстік полюсте орналасқан жеті қарақшының құрметіне  "Арктикос" деп атаған. 

Антарктида қүрлығын ресми түрде 1820 жылы Фаддея Беллинсгаузен мен Михаила Лазарев басшыылқ ететін орыс теңіз әскери экспедициясы ашқан. 

Антарктида – жер бетіндегі ең суық аймақ қана емес, сонымен бірге ең құрғақ құрлық. 

Суықтық пен құрғақшылық қүрлықтың ең негізгі белгілері емес. Мұнда ең күшті және үнемі жалғасып тұратын жел нүктесі мен ең мықты күн радиациясы бар. 

Бұл құрлық туралы пікіріңіз оң емес болуы мүмкін. Алайда, бұнда ең таза антарктикалық Уэдделл теңізі орналасқан. Әрине, теңіздің тұнық болуы заңды да. өйткені, бұған келіп ешкім шомылмайды. Теңіздің тазалағы сондай, оған бір зат тастай салсаңыз, 80 метрдегі затыңызды көре аласыз. 

Антарктидада үнемі тұрғылықты тұрғындар жоқ десе де болады. Мұнда келушілер тек – оқымысты ғалымдар ғана. Жазғы уақытта адамдар саны 5000 болса, қыс мезгілінде бар болғаны 1000 адам қалады. 

Айтпақшы, Антарктидадағы ең "жазғы", ең жылы уақыт – ақпан айы. 

Антарктидада дүниеге келген ең алғашқы адам Эмилио Маркос Пальма есімді аргентиналық. Ол осы құрлықта 1978 жылы дүние есігін ашқан екен.

Ж. Жұмағұлов