Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Антарктида жып-жылы және жап-жасыл құрлық па?

Антарктида жып-жылы және жап-жасыл құрлық па?

 Антарктида жып-жылы және жап-жасыл құрлық па?

АҚШ-тың бір топ ғалымдары мен австралиялық зерттеушілер Антарктидадан 500 км жерден сүйек қалдықтары мен тағы басқа дүниелерді  тауып алды. Нақтысын айтсақ: ағаш діңгегі, жапырақтар, гүлдің тозаңдары, мүк, бунақденелілердің жұмыртқалары.

Аталған жердің климаты бір кездері қазіргіге қарағанда 20-25 градус жылы болған деген болжам бар. Осы сөзге табылған дүниелер көз жеткізіп қана қоймай, көптеген нәрсенің анық-қанығын білуге себеп болды. Ол қандай себеп дейсіз ғой? Бәріміз білетіндей, бунақденелілер жылы жерде ғана өсіп-өніп, көбейе алады. Бұл деген сөз, бір кездері бұл жерде бунақденелілер жұмыртқа салып, Антарктида да тіршілік қазаны қайнап тұрған.

Қазіргі түсінікке мүлде қарама-қарсы суреттер көлбеп жатқан. Өйткені, бұл аймақтың суы қатпаған, нәтижесінде өсімдік дүниелері гүлдеп, тұқым салып, жеміс беріп отырған. Жылдың төрт мезгілі дегендей, Антарктиданың да бір уақытта ажары кіріп, базары тарап, жайма-шуақ күндері қанат жайған.

Мінеки, осы жаңалықты бірінші болып жариялап «Острэлиан» газеті өткен күннің еншісінде кеткен, жазылмас жараның орнын сипап, Антарктиданың жоқтаушысына айналып отыр. Жоқшысынан сақшысы көп әлемде бұл дұрыс та шығар. Алайда, сол бір күндердің оралмауын тілейік. Әйтпесе, Антарктиданың суы еритін болса, онда жердегі тіршілікке қауіптің көкесі туады. Сонда барып қана, уақыттың бұйыртқан еншісіне сиынатын боламыз.

Тағы бір жаңалық, Австралиядағы Тасмания аралының ауа-райы бір кездері жып -жылы болған. Оның дәлелі - оңтүстік Уэлстен табылған өсімдіктердің тұқымдары бірдей болып шыққан. Оның үстіне, жылу болмаған жерде өсімдік қайдан өссін?.. 

Сурет:  nano-planet.org

676 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 12:09
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 12:38

Әлемдегі ең суық құрлықтың құпиясы көп-ау. Ал мынау тіпті күтпеген жаңалық :roll:

+0
15 мамыр 2012, 12:40

Басынан бағы ұшқан Антарктида...

+0
15 мамыр 2012, 13:09

Табиғат ананың құдіретіне шек жоқ!

+0
15 мамыр 2012, 13:42

Ой, жаным менің Антарктида...жазда сені сондай жақсы көремін... :D :D :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...