​Балықшы 100 млн доллар тұратын 34 келі інжу тауып алды

​Балықшы 100 млн доллар тұратын 34 келі інжу тауып алды
Фото: kaltim.tribunnews.com

Филиппиннің Палаван аралында тұратын қарапайым балықшы он жыл бұрын 34 келілік інжу тас тауып алған. Бірақ оның мұнша құнды екенін білмеген ол мән берместен оны үйінде  жәдігер бұйым ретінде сақтап келген. Тастың 100 миллион долларға татитынын жақында ғана білген.

Арада 10 жыл өткенде балықшының үйінде өрт болып, ауылдастары түгелдей көмекке келеді. Өрт кезінде тасты көрген жерлестері оған назар аударған.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Е. Жұмабайұлы