Эйфель мұнарасын көру үшін

Эйфель мұнарасын көру үшін
Фото: nofearl.deviantart.com

Адам қалауына жету үшін не істемейді?! Мақсатқа жету үшін де табандылық пен төзімділік керек. Ал мына жігіттің талабына талпынысы тіпті таңғаларлық. Париж қаласының тұрғыны кереуетінде жатып Эйфель мұнарасын тамашалағысы келеді. Ал терезеге қарағанда әсем мұнара көрінбейді. ЭЙфель мұнарасын терезеге үңілмей-ақ, кереуетінде жатқанда үнемі көрініп тұруын қалаған жігіт ойланып-толғанып шешімін тапты, ол  перископ жасау. 

Мұнара мен кереует арасындағы екі айнаның жоспарлы сызбасы

Көк түсті – айна, сұр түс – тіреуіштер, қоңыр – ағаш, қара – бекіткіш, қызыл – желім.

Орындалмайтын арман болмас. Шын талпынса, алынбайтын қамал жоқ. Сіз қалауыңызға жету үшін осындай қадамға барар ма едіңіз?

@. @assel_assanova