Мына құс балықты қалай аулайды?

Балықшы құс балықты қалай аулайтынын білесіз бе? Ол бірқазан секілді бар балықты ұртына салып алмайды. Себебі, ол бірқазанға қарағанда әлдеқайда кішкентай. Мына суреттер топтамасынан оның балық аулаған сәтін тамашалай аласыздар.

Фотографтың кішкентай құсты дер кезінде нысанына алғаны таңдандырады. Ептілік пен еңбектің жемісі осындай туындыларды дүниеге әкелері сөзсіз.