Токиода тұрғын үйге ұшақ құлады

Токиода тұрғын үйге ұшақ құлады
Фото: http://podrobnosti.ua/

Бүгін Токиода үйдің үстіне ұшақ құлады, - деп жазады РИА Новости. 3 адам қаза тауып, 4 адам жараланған.

Бес кісілік ұшақ аэродромнан ұшып шыққанан кейін 2 шақырым жердегі тұрғын үйге құлаған. Оқиға жергілік уақыт бойынша 10:58-де Тефу қаласында болды. Айта кетелік, Тефу - Токионың құрамына кіретін шағын қалашық. Ұшақты жүргізіп отырған 2 адам мен үйдің айналасында жүрген бір тұрғын қаза болды. Ұшақта отырған 3 жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

а

Токиода құлаған Piper PA-46 ұшағы

Әуе кемесі құлағаннан кейін өртеніп, 5 тұрғын үйді өрт шалған. Жақын маңдағы көліктер де өртенді. Қазір оқиға болған жерде құтарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болған болуы мүмкін.

 

М. Бисембаева