Мүйізтұмсық ала құланды балшықтан шығарып алды

Африка құрлығында жануарлар әлемін суретке түсіріп жүрген фотограф Roel van Muiden таңғажайып сәтті бастан кешірді. Мүйізтұмсық фотографтың көз алдында балшыққа түсіп кеткен ала құланды шығарып алған. Өкінішке орай бұл оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталмады. Мүйізтұмсық абайсызда ала құлан құлынының омыртқасын мүйізімен жарақаттаған. Содан ала құлан құлыны жарақатынан толығымен айыға алмай, өліп қалады. Осыған байланысты кей адамдар құлынның балшықтан өзі шығып кете алатын еді деген пікір айтқан. Бірақ та зоологтардың сөзіне сәйкес ала құлан құлыны балшықтан өз бетінше еш шыға алмайды екен. Сол себептен мұнда мүйізтұмсық туралы пікір екі жаққа бөлініп отыр.  




Ұқсас жазба:

Алматы тұрғыны көлік ретінде түйе мініп жүр

Сурет:billionnews