Адам басына қонғанды ұнататын үкі (видео)

Адамдардың басына қонғанды ұнататын үкі нидерландық кішкентай қаланы бүкіл әлемге танымал етті. Оны Нидерланд елінің Зандам қаласының тумасы 48 жастағы Менно Шэефер (Menno Shaefer) байқаған. Үкі Нурдейнд қаласында жергілікті адамдардың бірінің басына қонғысы келген. Кейіннен үкі оның басына бір минут шамасында тұрақтап, келесі бір демалатын жер табылғанша қонақтап отырған. Үкі еуропалық финит түріне жатады. Салмағы - 2,7 келі. 

Шэефер NL Times-ке берген сұхбатында үкіні суретке түсірейін деп жатқан кезде оның басына қонғысы келгенін және кейіннен үкіні түсіру үшін камерасын көтеріп қалғанда үкі қасындағы адамға қарай беттегенін айтқан. 

Жергілікті тұрғындар үкіні Остервольдтағы құс торынан қашып кетті деп есептейді. Сонымен қатар олар үкінің танымалдығына таңырқай қарайды екен.