Чилиде экскаватор 100 метр шұңқырға құлап кетті (Видео)

Чилиде экскаватор 100 метр шұңқырға құлап кетті (Видео)

Чили астанасы Сантьяго қаласында Plaza Egana метросының стансасын салу кезінде экскаватор 100 метрлік шұңқырға құлап кетті, – деп хабарлайды Bnews.kz.

Абырой болғанда шұңқырда жұмыс істеп жатқандар қашып үлгеріп, ешкім зардап шекпеген.

Нысанды Obrascon Huarte Lain құрылыс компаниясы жүргізіп жатыр. Жергілікті кәсіподақ компанияны еңбек қаупсіздігін сақтамады, жұмысшыларының өміріне қауіп төндірді деп айыптап отыр.

Қазір осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

сурет: yandex.ru

Е. Қайрахан