Париж «көліксіз бір күнді» бекітпек

Париж «көліксіз бір күнді» бекітпек

Париж мэрі Анн Идальго Twitter әлеуметтік желісі арқылы 27 қыркүйекті француз елордасы үшін «көліксіз күн» етіп жариялау ниетін бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz.

The Local басылымының мәліметінше, бұл мэрдің қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін жасап отырған қадамдарының бірі. 

«Көліксіз бір күннің» қалай өтетіні туралы толық айтылған жоқ. Сондай-ақ, бұл күнде көлік қозғалысына шектеу қаланың қай бөлігіне қойылатыны белгісіз. 

Париж мэрі – француз елордасындағы экологиялық жағдайды жақсарту идеясын насихаттаушы белсенділердің бірі. 

Париж тұрғындарының 60 пайызында жеке автокөліктің болмауына қарамастан, қалың көлік қозғалысы қаладағы экологиялық жағдайды ушықтырушы факторлардың бірі болып отыр.

сурет: parislodging.com

Е. Қайрахан