Шай мәдениеті туралы бірер сөз

Әлемдегі шай дәстүрі жақсы дамыған ел - Қытай. Бұған қатысты қытайлықтардың «үйге кіре салысымен 7 нәрсенің қамын ойла: отын, күріш, май, тұз, соя соусы, сірке су және шай» деген сөзі де бар. Қытайлықтар үшін шай – өмірдің таптырмас бөлігі. Олар шайды күні бойы ішеді: түнде, күн шығыста, таңертең, түстен кейін, кешке және «жағдайға қарай». Қытайлықтар шайды кішкентай кесемен ішуді ұнатады екен.

Қытайда, тіпті, шай рәсімі де бар. Бұл ерекше шара. Онда тек үздік сұрыптағы шай мен арнайы ыдыс пайдаланылады. Арнайы ыдысқа шайды сақтауға арналған ыдыс, суға арналға шай тақтайы, шайды қайнатуға арналған жанарғы, шай жапырақтарына арналған шынаяқ жатады.

Бұл рәсімнің мақсаты – адамдар шайдың жаңа сұрыптарымен танысып, оларға баға беруі.

Ағылшын шай мәдениетіне келетін болсақ, көп адам англиялық «5 o’clock» шайы туралы есіне түсіреді. Алайда, Британияда шай ішудің нақты уақыты бекітілмеген. Ағылшындар шайды кез келген уақытта іше береді.

Британия жерінде XVII ғасырда жасаған Екінші Карлдың әйелі Катарина Брагансская үнді шайын сәнге енгізгеннен бастап танымал сусын атағына ие болды.

Шай ішу «шай бақшасы» аталатын арнайы кафелерде өтетін. Сонымен қатар, осы британдық «шай бақшаларының» арқасында «шайға беру» түсінігі пайда болды. Ол бақшалардағы шайды тез алып келу үшін ақша тастайтын үлкендеу себет орнатылуынан бастау алады.

Ағылшын шай ішу рәсімінің дәстүрлі ыдысы – күміс сервизі. Сервиз бар-жоқтығы үйдің ауқаттылығының белгісі саналатын.

Сурет: nhommua.com, craftcouncil.org

Оқи отырыңыз:

Шайдың зияны туралы білесіз бе?

Қара шайды дұрыс демдеудің ережелері

Күш-қуатыңызды арттыратын өнімдер