Үй тапсырмасын орындай алмаған бала полиция шақырған

Үй тапсырмасын орындай алмаған бала полиция шақырған

Қытайда 10 жастағы Тоң Тоң есімді бала қытайдың ішкі «110» нөмірлі жедел сақшы қызметіне телефон шалып, өзінің қиын жағдайда қалғанын айтады. Сөйтсе, ол полицейлерден өзінің үй тапсырмасын орындауына көмек беруін сұраған екен.

Қытайдағы ағарту жүйесі әлемдегі мектеп жасындағы балаларға тапсырманы ең көп беретін оқыту жүйесінің бірі саналады. Ішкі істер қызметі жедел түрде баланың үйіне барғаннан кейін ғана оның үй тапсырмасын орындауда қиындыққа жолыққанын білген. Полицейлер баланың үй тапсырмасын орындап бере алмаса да, оған сабырлы түрде үй тапсырмасын оқып, ізденіп, өзінің орындауы керектігін түсіндірген. Ал, Тоң Тоң болса: «Сіздер өтірікші екенсіздер, қиыншылық болса бізді іздеңдер деген жарнамаларыңызға сенген едім. Осындай кішкентай іске көмек көрсете алмайсыңдар ма?» деп жауап қайтарған. Осындай ыңғайсыз жағдайға қалған сақшылар, не істерін білмей қалғандығын айтады.

Қытайдың оқыту жүйесіндегі бала тәрбиесінде ішкі істер қызметі жайлы арнайы сабақтар оқытылып, олардан кез-келген жағдайда көмек сұрауға болатыны жайлы үнемі айтылып, санаға сіңіріліп отырады.

«Сәбиді кінәлауға болмайды, - дейді білім басқармасының жауапты қызметкері, - оған осылай тәрбие берген өзіміз. Бірақ, сақшыны кез-келген қиын жағдайды шешіп береді деп тәрбие беру дұрыс емес. Бұл жағдайдың ішкі астарында Қытай елінің ағарту ісіндегі кемшіліктер жатыр» дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай – әлемдегі оқу-ағарту жүйесі дамыған мемлекеттердің бірі. Дегенмен, Қытай білім саласын зерттеушілер елдегі бала оқыту жүйесін үнемі сынға алып, оны өзгерту керектігі жайлы айтып келеді.

«Бұл күлкілі жағдайдың бізге айтары – оқушыларға түскен үлкен рухани қысым бүгінгі таңда өте көп екенін аңғартады» дейді білім саласының жауапты қызметкері.

Сурет: voc.com.cn

M. Auelkhan