Жер асты және жер үсті өзені

Жер асты және жер үсті өзені

Гамильтон Пул өзені Америка елінің Техас штаты, Остин қаласына жақын аймақта ағады. Бұл өзеннің ерекшелігі – жер асты және жер үсті болуында. Яғни су жердің екі жақ бөлігінде бірдей ағады. Кереметтей су айдыны тау шатқалына төселіп, 15 метр биіктіктен құлап, сарқырама жасайды.

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын жер эрозиясы әсерінен әктастың мыжылуына байланысты жер асты өзені пайда болған. Ал жер асты суы жақын маңда ағып жатқан Педерналес өзеніне барып құяды. Ол өзеннің өзі Колорадо әктас өзенінен аққан ағын сумен толығады.

XIX ғасырға дейін бұл мекенді Токава мен Апачи тайпасынан шыққан америкалық үндістер мекендеген. Кейіннен 1985 жылы 232 акра жерді қамтитын аумақ жеке меншікке өтіп кетеді. Сөйтіп уақыты келе бұл өзен ұлттық табиғи қорыққа айналады. 

Өзенде тасбақа, майда балықтар өмір сүреді. Оларды аулауға немесе зақым тигізуге заң тыйым салған. Сонымен қатар тау шатқалында тау велосипедімен көтерілуге, үй жануарын серуендетуге, кемпинг, от жағу, ас дайындауға болмайды.

Оқи отырыңыз:

Африканың шынайы келбеті

Тау басына салынған кішкене үйшік

Бұл көпірді салуға 26 миллион кірпіш жұмсалған

Жақында ғаламтор қолданушылары құпия сөзді де қажет етпейді

Сурет: writingthroughthefog.com

Н. Нұрмаханұлы