Клайв есімді жігіттің есте сақтау қабілеті небәрі 30 секунд

Клайв есімді жігіттің есте сақтау қабілеті небәрі 30 секунд

Клайв Уэринг әлемде өте сирек кездесетін амнезия түрімен ауырады.

1985 жылы көктем мезгілінде жас музыкант энцефалит ауруының герпетикалық түрімен сырқаттанады. Оның миына ұшықты вирус қандайда бір жол арқылы кіріп кеткен. Нәтижесінде науқастың есте сақтау қабілеті ұзақ есте сақтау қабілетінен, қысқа еске сақтау қабілетіне ауысқан.

Әйелінің айтуынша, ол кез келген нәрсені небәрі 7-30 секунд қана есте сақтайды екен. Шамамен 20 секунд сайын болған оқиғаны қайтадан қайталап тұруы тиіс. Музыкант бұрынғы өмірінен тек бірер мәліметтерді ғана біледі. Мысалы, ол бірінші әйелінен бір баласы барын еске түсірген, алайда баласының аты кім екенін таба алмаған.

Клайв әрбір оқиғаны еске түсіріп отыру үшін әрдайым күнделік жазуға мәжбүр. Дегенмен, жазған күнделігін оқыған кезде оны кім немесе не үшін жазғанын көбіне түсінбейді.

Клайвтың әйелі жұбайы жайлы «Forever Today» , яғни «Әрқашан бүгінгі күн» деген атпен кітап жазған.

Оқи отырыңыз: 

Марракеш саябағы туралы білесіз бе?

Ұлыбританияның ең жас кәсіпкері 9 жаста

Чилидегі хайуанаттар бағында торға адамдар қамалады

Әлемдегі ең бай адамдар ақшасын өмір бойы жұмсаса да тауыса алмайды

Сурет: www.bugaga

Н. Нұрмаханұлы