Марракеш саябағы туралы білесіз бе?

Марракеш саябағы туралы білесіз бе?

Морокко елінде Марракеш атты ерекше саябақ бар. Бақ негізін салушы Жак Мажорель есімімен аталған. Суретші 1924 жылы шағын жер сатып алып, зәулім үй тұрғызады. Ол үйінің дизайнын өзі ойластырады. Үйдің алдына өте сирек кездесетін өсімдіктерді отырғызады.

Мажорель ботаника ғылымына қатты қызыққан. Сол себепті, ол жер шарын шарлап, түрлі экспедицияларға белсене араласты. Жорықтарға қаржылай көмек көрсеткен. Суретші әрбір сапарынан ерекше өсімдіктер мен естелік сыйлықтар әкеп отырған.

Саябақ 1955 жылы ашылды. Кейіннен Жак Мажорель дүниеден озады. Сөйтіп саябақ қараусыз қалады. Тіпті, үйді тас-талқан етейік дегендер де болды. Бірақ, 1980 жылы Сен-Лоран есімді кутюрье саябақты сатып алады.

Қазір саябақ — өнер мұражайы. Мұнда суретші Жак Мажорельдің таңдаулы суреттері мен сәнгердің үздік киім топтамалары қойылған. Саябақта 400-ге жуық өсімдік өсіп тұр.

Оқи отырыңыз: 

Екі мағына беретін суреттер

Сіз естімеген қызықты деректер

Ботин – әлемдегі ең көне мейрамхана

Суретші инені бір мая шөп арасынан екі тәулік іздеген

Сурет: www.liveinternet 

Н. Нұрмаханұлы