Әлемдік рекорд орнатқан хайуанаттар

Әлемдік рекорд орнатқан хайуанаттар
Фото: vk

Әлемдегі ең алысқа секіре алатын мысықтың аты – Али. Бұл рекорд 2013 жылы 23 қазан күні орнатылған. Оның серкіру аралығы 182,88 см, мысықтың иесі АҚШ Техас штатындық Саманша Мартин.

Бұл жыланның аты Милса. Ол Миссуридағы Канзаш қаласындағы жергілікті компаниялардың бірінде өмір сүреді. 2011 жылы 12 қазанда ол Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ұзындығы − 7,67 метр.

Әлемдегі бойы ең аласа иттің аты Жуауали екен. Оның бойының биіктігі 9,63 см, бұл рекорд 2013 жылдың ақпан айында тіркелген.

 

Дүние бойынша ең аласа мысық Лилипути биыл тоғыз жасқа келген. Оның бой-тұрқы −13,34 см, бұл көрсеткіш 2013 жылы шілде айында тіркелген.

 

Суға батып кеткен адамды ең тез уақытта таба алатын иттің аты Джек екен. Ол тереңдігі 25 метрден асатын суға батып кеткен адамды тауып алған. Уақыты −36,812 секунд. Бұл рекордты Джек пен оның иесі 2013 жылы маусым айында Германияда орнатқан.

 

Мына теңіз шаянының аяғының ұзындығы −1,43 метр. Ол теңіз хайуанаттары ішінде «Үлкен әке» деген атқа ие болған.

 

Осы бойымен ол дүниедегі ең аласа есек ретінде тіркелген. 2007 жылы қаңтар айында өмірге келген. Оның бойы − 64,2 см. Бұл рекорд 2011 жылы шілде айында АҚШ-тың Флорида штатында тіркелген.

Артқы аяғымен ең тез жүгіретін ит 10 метр аралыққа 6,56 секунд уақыт жұмсайды екен. Иттің аты Жиф, АҚШ-тың Калифорния штатында өмір сүреді.

M. Auelkhan