Әлемде өзге ұлттар қалай амандасады?

Әлемде өзге ұлттар қалай амандасады?

Сәлемдесу - сыйластықтың белгісі. Сәлемдесуіңіз түзу болса, онда сіздің қадір қасиетіңіздің артқандығы. Дүниежүзінде неше түрлі ұлт қауымдастығы бар деп есептесек, олардың әрқайсысында өзіне тән амандасу салты болады. Төменде бірнеше елдің сәлем салу түрлері берілген. 

Тунис елінің тұрғындары көшеде кетіп бара жатқан кезде бір-бірлерімен алдымен екеу ара еңкейіп, оң қолын маңдайына, кейін ерніне, содан жүрегіне қойып амандасады екен. Оның мағынасы: «Мен сіз туралы ойлаймын, Мен сіз туралы сөйлеймін, мен сізді сылаймын».

Тонга елінің халқы таныс адаммен жолыға қалса, белгілі бір арақашықтықта тоқтап, басын изеп, аяқтарымен жерді тепкілей саусақтарын шықылдатады.

Жапондықдар иіліп сәлемдеседі.

Эскимостар қолдарын жұдырыққа жұмып басы мен иықтарын соғып амандасады.

Жаңа Гвинеяның кои-ри тайпасы иектерін қытықтап амандасады.

Африка құрлығындағы Кения мемлекетінің акамба нәсілі ізгі ілтипат  ретінде бір-біріне түкіреді.

Орталық Африкадағы Замбия Республикасының жұрты көріскенде алақандарымен шапалақтап, реверанс жасайды.

Гренландиялықтар жүздескенде формальді сәлемдесулер жасамайды, бірақ олар «Ауа-райы тамаша» деп сөз айтады.

Ботсван – Африканың оңтүстік бөлігінде орналасқан, шағын ғана аумақты қамтитын, Калахари шөлінің мемлекеті. Олар дәстүр бойынша амандасқанда «Пула» дейді. Ол «Жаңбыр жаусын» деген түсіндірме береді.

Қол алысып амандасу тарихы аңыз бойынша алғашқы кездері адамдардың бір-бірінің қолында қару-жарақ жоқ  екенін көрсеткен. Ол уақытта елдер мұны бейбітшілік мақсатта келіп, жаман ниеті жоқ болуы тиіс деп жорамалдаған.

Н. Нұрмаханұлы