Тұңғыш қазақша "Зерде" смартфоны Моңғолияның Қарлық шыңына аттанды

Тұңғыш қазақша "Зерде" смартфоны Моңғолияның Қарлық шыңына аттанды

"Зерде" тұңғыш қазақша смартфоны жобасына қолдау көрсету мақсатында тау спорты шебері Жанарбек Ақыбиұлы "Зерде" смартфонын және "Зерде" белгісі басылған туды Моңғолияның Мұздақ шыңғына алып шықпақ, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Моңғолия қазақтары жиі қоныстанған Баян-Өлгей аймағында тұратын альпинист азаматтың бұл сапарына 14 күн уақыт кетеді екен. 18 шілдеден басталған сапар тамыз айында аяқталмақ.

Баян-Өлгей аймақтық үкімет ғимаратының алдында әкімшілік және үкімет қызметкерлерімен бірге

Жанарбек Ақыбиұлының айтуынша, мұндай қатерлі сапарларға көп шығып, мемлекеттік және халықаралық марапаттарға ие болып жүрсе де, бұл сапардың өзі үшін айырықша мәнге ие екенін жеткізді. "Дүниенің әр түкпіріне тарыдай шашылған қазақ баласын табыстырар, таныстырар, арасын жалғар қасиетті күш - қазақ тілі. "Зерде" смартфоны дәл сол қасиетті ана тіліміздің өмір сүрер кеңістігін кеңейтуді мақсат еткен өнім. Біз оған алақайлап қолдау көрсетуіміз керек" дейді спорт шебері, әрі блогшы Жанарбек Ақыбиұлы.

"Зерде" белгісі басылған байрақты көтерген Баян-Өлгейлік қыз

Естеріңізге сала кетейік, "Зерде" смартфоны маусым айында нарыққа шыққаннан кейін өнімді насихаттау үшін 21 жастағы қазақ азаматы Қуанақын Серікұлы дүниедегі ең ірі көшпелі құмды шөл Такла- Маканды жаяу кесіп өтіп, Гиннесс кітабына енген болатын.

Жанарбек Ақыбиұлы және Баян-Өлгейлік жастар

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: senkazakh.com

M. Auelkhan