Әдемі қартайған әжелер

Әдемі қартайған әжелер

Фотограф Ари Сет Коэн өзінің көрікті модельдерін Нью-Йорк көшелерінен жолықтырған көрінеді. Олардың ең жасы 59-да болса, ең үлкені 102 жаста.

Бұл «әдемі әжелер» табиғи сұлулықтың уақытқа бағынбайтынын, керісінше талғам мен стиль жыл өткен сайын арта түсетінін жақсы біледі. Ари Сет Коэн суреттерінің қаһармандары жасын жасырып әуре болмайды немесе пластикалық отаға ақшасын шығын қылмайды. Олар өмірден паң әрі тәкаппар күйде өтіп барады. Тіпті, Ари көшеде тоқтатып алып, суретке түсуге ұсыныс жасаған кезде олардың біреуі де таң қалмаған көрінеді. Ари суретке түсірген стильді әрі әдемі әжелер осылайша Vogue журналының бетінде жарқ ете қалды.

Назарларыңызға фотограф Ари Сет Коэн түсірген суреттер топтамасын ұсынамыз:

Джойс Карпати, 80 жас

Линда Родин, 65 жас

Беатрис Ост, 73 жас

Дженни Хиршовиц, 59 жас

Ципора Саламон, 63 жас

Рут Кобин, 102 жас. «Словодел» ойынын ойнағанды ұнатады әрі күнтізбеге мүлде қарамайды.

Костанца Пасколато, 73 жас

Сондай-ақ, жасы белгісіз әдемі әжелердің бірнеше суреттеріне де назар салайық:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

Н. Айдархан