Әлемдегі ең ерекше коллекциялар

Әлемдегі ең ерекше коллекциялар

Бүгінде тиын, ақша, магнит естеліктер мен төсбелгілер коллекциясымен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Ерекшеленуді қалайтын жұрт коллекциясын да ерекше етуге тырысады және мүмкіндік болса Гиннес рекордтар кітабына енуді қалайды.

Бельгиялық тұрғын Селин Корент панда жұмсақ ойыншықтарын жинайды. Және оларды ғана емес, жалпы пандаға қатысты дүниенің бәрін. Ал бұл қызығушылығы 1978 жылы басталған. Оған күйеуі Италияға сапарынан панда жұмсақ ойыншығын алып келеді. Хоббиі мәнсіз болмас үшін Селин ойыншықтарды ауру балаларға қалдырмақ.

Селин Корент

Ұлыбританияның Лапаль елді мекенінің тұрғыны Гарри Берроуз шаңсорғыш түрлерін топтастырады және бүгінге дейін 40 данасын жинап үлгерген. Кішкентай кезінде Гарриді ұйықтату үшін ата-анасы шаңсорғыш қосатын болған екен. Осылайша Гарридің шаңсорғышқа деген қызығушылығы артқан. Ол өз қаражатына саудадан шығып қалған ерекше үлгілерді сатып алады.

Гарри Берроуз и оның шаңсорғыштар коллекциясы

Дик Фаленски гольф ойынының жанкүйері. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 36000 гольф шарын топтастырған. Өзі Пенсильванияда (АҚШ) тұрады. Коллекциясын, міне, 50 жыл бойы жинап келеді. Оның тізімінде Билл Клинтон, баскетболшы Майкл Джордан ойнаған шарлар бар.

Дик Фаленски және оның гольф құрылғыларынан жинақталған коллекциясы

Ұлыбритания корольдық отбасын қатты жақсы көретін Маргарет Тайлер корольдық өмірге қатысты дүниенің бәрін жинайды. Оның коллекциясында герцог пен герцогиняның бойымен сәйкес манекендер, Диана ханшайымға тиесілі болған терезе витраж бар. Тіпті Уэмбли ауданындағы өз үйін патша сарайына ұқсату үшін пансион етіп қайта жабдықтаған.

Маргарет Тайлер және корольдық отбасының жабдықтары

Ханна Уолкер жеті жаста. Ұлыбританияның Гэпмшир қаласында тұрады. Бір күні қыз әдемі өшіргіштерді жинай бастайды, ал кейін мұны тәтесі біліп, оған өзінің бала кезінен жинап жүрген өшіргіштер коллекциясын сыйлайды. Қазіргі таңда кішкене қыздың коллекциясы 2000 долларға бағаланып отыр. Олардың арасында 1986 жылы шыққан өшіргіштер бар, көбі ойыншықтарға ұқсас.

Ханна Уолкер және оның өшіргіштері

Лаки Дж. Майзенхаймер өз коллекциясымен Гиннес рекордтар кітабына енген. Ол 10000-нан астам йо-йо жинаған. Өзі Орландода Флорида штатында тұрады. Ол, сонымен қатар, йо-йо сүйгіштерге арналған кітап-нұсқаулық шығарған.

Лаки Дж. Майзенхаймердің йо-йо коллекциясы

Сингапурлық коллекционер Цзянь Янь көбіне тематикалық қуыршықтарды жинайды. Оларды көбіне қуыршақтарды аукциондардан сатып алады. Суретте ол Усама Бен Ладеннің қуыршағын ұстап тұр. Оның коллекциясында 6000 Барби және 3000 басқа да қуыршақтар бар.

Цзянь Ян

Стив Сансвит Калифорнияда тұрады және «Жұлдызды соғыс» телехикаясының жанкүйері. Стив сонымен қатар пайда әкелмейтін, бірақ көптің қызығушылығын тудыратын мұражайды басқарады. Ол фильмге қандайда бір қатысы бар 300 000-ға жуық затты топтастырған. Оның коллекциясында ғарыштық корабльдің кішкентай көшірмесі де бар.

Стив Сансвит «Жұлдызды соғыс» атрибутикасын жинайды

Бельгиялық Иветт Дарденн шай, кәмпит және тағы басқа тәттілердің қаңылтыр қораптарын жинайды. Ол осы уақытқа дейін 57600 қорап жинаған. 76 жастағы ханым өз коллекциясын мақтан тұтады: мұнда әлемдік оқиғалар, ХХ ғасырдың тұлғалары бейнеленген үлгілер бар.

Ивет Дарденн қаңылтыр қораптарды жинайды

Техас өңірінің тұрғыны Барни Смит өмір бойы сантехник болып жұмыс атқарған және осыған орай 1100 унитаз отырғышын жинастырған. Әрқайсын ол былғары немесе мата қалқанымен өрнектейді. Коллекцияны жинауға 40 жылдай уақыты кеткен. Гаражда сақталатын коллекциясы қазірде кішігірім мұражайға айналып кетті.

Барни Смит отырғышты көрсетуде

Қытайлық Ванг Гохуа темекі қораптарын топтастырады және күні бүгінге дейін 30000 данасын жинаған. Үйіндегі бір бөлмесі осы коллекциясына арналған.

Ванг Гохуа

Германияның Куксхавен қаласында мекендейтін Хайнрик Кат саптыаяқтарды топтастырумен айналысады. 22000-нан асатын саптыаяқтардың ішінде сыра саптыаяқтары көп, алайда өзі ол сыра ішпейді екен. Топтастыруды ол 1997 жылы бастаған.

Хайнрих Кат және оның саптыаяқтары

Димитрис Пистиолас видеокамераларды топтастырады, өзі Афинада тұрады. 1000 данадан астамын жинап үлгерген.

Димитрис Пистиолас

Ойыншық үкілерді топтастыратын Пэм Баркер Ұлыбританияның Лидс қаласында тұрады. 20000 дана үкісімен ол Гиннес рекордтар кітабына енген.

Пэм Баркер және оның үкілері

Шотландияның Левистон қаласында тұратын Рона Худтың коллекциясы ең дәмді. Ол тәтті ойыншықтарды жинайды. Бүгінде ол үйінің жертөлесін мұражайға айналдырып, 3000 ойыншықты топтастырған. Ронның пкірінше бұл аздық етеді. Бұл тәттінің бәрін қалай жеп қоймай жүргені – түсініксіз.

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina