Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 2 сәуір. Бүгін қандай күн?

2 сәуір. Бүгін қандай күн?

2 сәуір. Бүгін қандай күн?

Бүгін – халықаралық балаларға арналған кітап күні. Айтулы күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай аталып өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдер өткізіледі.

Бұдан басқа, мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады.

Балалар әдебиетінің басты мақсаты – балдырғандардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет көрсетуге, имандылыққа тәрбиелеу. Бұл сала мектеп жасына дейінгі балбөбектен бастап, жасөспірімдік жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсынатындығымен ерекшеленеді.

Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына, дамуына, жетілуіне елеулі үлес қосқан қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы ретінде Сапарғали Бегалиннің есімі аталады. Оның "Сырлы қайнар" (1963), "Ермектің алмасы" (1963), "Жеткіншектер"(1960), "Қыран туралы аңыз" (1976), "Екі томдық шығармалар" (1976) сынды еңбектері қазақ бөбектерінің сүйікті шығармасына айналды. Алайда С. Бегалинге дейін Ыбырай Алтынсарин, Ақылбек Сабал, Мұхтар Әуезов сынды сөз зергерлері әңгіме, ертегі жанрында қалам қозғады, зерттеу жүргізді. Кейінгі буын арасынан М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Т. Нұрмағанбетов, О. Бөкеев, М. Қабанбаев, К. Ахметова сияқты ақын-жазушыларымызды атауымызға болады.

Мерекені пайдалана отырып, балалар үшін соңғы жылдары басылып шыққан кітаптардың бірқатарын да атап өтейік:

"Бағдаршам" – бұл кітап балаларға жол ережелерін үйретуге бағытталған.

"Қоршаған орта" (А. Байғабылова) – балаларды әріп және дыбыстармен таныстырады, буынға бөліп оқуды үйретіп, ойлау қабілеттерін арттырады. Кітапқа қызғылықты тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, әңгімелер де енгізілген.

"Бауырлар" – кітап ертегі мен әңгімелерден тұрады. Балалар мәтін соңында берілген суреттерге қарап, дұрыс әңгімелеуді үйренеді. 

"Біз өсіп ойнаймыз" – балаларға арналған ойын түрлері мен жаттаулар енгізілген.

"Қуырмаш" – кітапқа халқымыздың бұдан жүздеген жылдар бұрын шығарып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп отырған бесік жырлары, түрлі санамақтары, ойын-өлеңдері енген екен.

"Үй жануарлары" – әдемі суреттермен безендірілген кітапқан енген қызықты ертегілер, өлең, тақпақтар арқылы ойлау қабілеттерін арттырады.

"Санамақ" (Г. Құлжабаева) – балалар кітап арқылы әсем өсімдіктермен таныса отырып, математикалық білімі бекиді, танымдық қызығушылығы артады, әсемдікті сезіну мүмкіндігі дамиды.

"Алдардың айласы" ( А. Жұмаділдаев) – ауыз әдебиеті кейіпкерлері - Шығайбай мен Алдар Көсенің диалогтары балаларды тапқырлыққа, есепке алғырлыққа баулиды.

Мұнан басқа "Мен оқығанды ұнатамын", "Тыңда балам ертегі", "Анаммен оқып үйренемін" секілді бағдарлама бойынша бірнеше кітаптар сериясы жарық көріп үлгерді.

Сондай-ақ, ана тілімізде "Балдырған", "Айгөлек", "Ұлан", "Алтын сақа", "Бала би", "Балбұлақ", "Балақан", "Балапан әлемі", "Ертегілер әлемінде", "Жыл – он екі ай" сынды тұрақты басылымдар жарық көріп тұрады.

Өкінішке орай, Қазақстанның әрбір өңірінде балаларға арналған кітапханалар жұмыс істегенімен, қазақша кітаптар саны өте аз. Жыл сайын балаларға арналған кітап күнінде осы мәселені шешуге арналған түрлі шаралар жүргізіліп келеді.

Ендеше, еліміздің ең кішкентай тұрғындарын, балаларға арналған кітаптардың авторлары мен балалар кітапханасының барлық жұмыскерлерін бүгінгі атаулы мерекемен құттықтаймыз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: erketai.kz, karkultura.gov.kz, kaz.docdat.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 сәуір 2014, 11:01
Пікірлер
+0
02 сәуір 2014, 13:10

Маңызды күн екен ғой

+0
02 сәуір 2014, 14:08

:mrgreen:

+0
02 сәуір 2014, 16:50

Жақсы күн екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.