Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Әлем студенттерінің қызықты дәстүрлері

Әлем студенттерінің қызықты дәстүрлері

Әлем студенттерінің қызықты дәстүрлері

Студент деген бір ұғым болғанымен, олар да ұлтқа, жынысқа, жасқа бөлінеді. Және әрбірінің өзіне тән ерекшелігі бар. Мысалы, төмендегі қызықты дәстүрлерге көз жүгіртіңізші...

1. Жапон студенттері бойтұмар есебінде емтиханға міндетті түрде Kit Kat шоколадын алып кіреді. Неге дейсіз бе? Жапон тілінде "kitto katsu" сөзі "міндетті түрде жеңеміз" деген мағынаны білдіреді.


2. Таяуда маркетологтар сараптама жүргізді. Нәтижесінде, онлайн-покер ойнайтындардың басым бөлігі студенттер екені мәлім болған.

3. ХІХ ғасырда Ресейде көңілді кештерге, сыраханаларға баратын студенттердің белдеріне бормен мекенжайын, аты-жөнін жазып қоятын болған екен. Бұл туралы Чеховтың фельетондарында да айтылады. 

4. Қазіргі студенттер "қартайып" келеді. Мәселен, Еуропада егде жасқа келген кісілердің көпшілігі жоғарғы білім алуға талпынып жатыр. Ал Швейцарияда студенттердің орта жасы – 25,5 екен.

5. Ерлерге арналған классикалық аяқ киімдердің бірі пенни-лофер өзінің атауы үшін студенттердің ырымдарына қарыздар. Мұндай бәтеңкелерге тиын салынатын арнайы қалта тігіледі. Бұл қайдан пайда болды десеңіз, бірқатар елде студенттер емтихан алдында сәттілік тұмары ретінде аяқ киімдеріне тиын салып кіреді екен. Оларда тиын салып кірсе, оңай сұрақ келіп, жұмсақ мұғалім жауап алады деген сенім бар. Ал енді бірі тиынның орнынан қағаз ақша дұрыс деп есептейді. Бірақ, оны аяқ киімге емес, сынақ кітапшасының арасына салғанды құп көреді. Бұл түсінік біздің қазақ студенттеріне де таңсық емес деп ойлаймыз.

6. Йель университетінде өте қызықты дәстүр бар. Жоғарғы курс студенттері конспекттерін өздерінен төмен оқитын студенттерге қуана-қуана береді. Көшіргендер бұл үшін қарыздар болып қалады. Мәселе ақшада емес. Олар көшірткізген адамды бірнеше сағат бойы арқалап жүруі керек. Айтпақшы, көшірген адамның көзіне жасыл бояу жағылатынын да айта кетейік.

7. Батыс елдеріндегі бірқатар университетте "жабайы айқай" деген дәстүр бар. Олар емтихан кезіндегі күйзелістен шығу үшін далаға шығып 5 минуттан 10 минутқа дейін қатты айқайлайды.

8.  Португалиялық Коимбра қаласындағы университеттің жергілікті салты аңызға айналып кеткен. Бұл – "таспа өртеу" деп аталады. Яғни, студенттер өздерінің факультеттерінің түсіне сай келетін таспаларды ыдысқа салып өртейді. Аталған әрекет студенттік өмірдің аяқталғанын нышандайды.

9. Польшадағы Вроцлав университетіндегі түлектер диплом алатын түні мекеме алдында орнатылған семсершінің ескерткішіне ұқсатып жасалған костюмдерді киіп жүреді. 

10. Көрші орыс халқының студенттері түнгі сағат 12-де терезені ашып қойып, сынақ кітапшасын алып "сәттілік, маған кел" деп айқайлайды. Сонан кейін терезені жауып, сынақ кітапшасына қант салып, резеңкемен байлап, тоңазытқышқа салып қояды екен.

11. Тағы бір шетелдік студенттер ауыр емтихан кезінде іш киіммен көшеге шығып "Шара!" деп айқайлайды.

12. АҚШ-тағы Пристон университетінде студенттер емтиханды ешбір мұғалімнің бақылауынсыз тапсырады. Жо-жоқ, ешқандай бейнекамера жоқ. Олар бірінші курстарында салтанатты түрде қабылдаған "Адалдық кодексіне" қиянат жасамайды. Анттарына адал болып, ешбір жерден көшірмейді.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 наурыз 2014, 10:33
Пікірлер
+0
26 наурыз 2014, 11:39

11 сыныпта психологиялық тренингтерге қатысып жүрген кезімде психолог мамандар "жабайы айқай" тәсілін үйреткен еді... Өте жақсы көмектеседі, бірақ айқайлайтын жер таба алмай қор боласың :)

+0
26 наурыз 2014, 14:44

"Бірақ, оны аяқ киімге емес, сынақ кітапшасының арасына салғанды құп көреді. Бұл түсінік біздің қазақ студенттеріне де таңсық емес деп ойлаймыз." Ия, ия, таңсық емес. Жақсы ырым ғой! :)

+0
27 наурыз 2014, 10:03

Қызық біздің студенттерде қандай дәстүрлер бар екен? ))

+0
29 наурыз 2014, 00:50

12-пунктті оқыдым да еріксіз біздегі әдетпен салыстырдым...
9-пунктте жазылған әрекет біртүрлі екен)

+0
29 наурыз 2014, 13:52

ендіміндетті турде емтихан жазар алдында kitkat жейтін боламын!!! :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.