Жұмысқа пойызбен баратын жұрт

Жұмысқа пойызбен баратын жұрт

Орегон штатына қарасты Портленд аймағындағы Шервуд ауданы дүниедегі ең көрікті мекендердің бірі. Бұл ауданның тұрғындарында өздеріне керектінің бәрі бар - зәулім үй, көгал, дүкен, бақша пен қора-қопсы. Сонымен бірге, бу қозғалтқышымен жүретін әлемдік класстағы пойыз бен оның жүріп-тұруына арналған темір жол тарабы. Бұл дегеніміз, Саут-Вест-Сейфферт көшесінде тұрған болсаңыз, онда күн сайын пойызбен қатынап тұрар едіңіз деген сөз.

Жергілікті ғажайыптың қожайыны Тодд Миллер бүкіл өмірін пойыз жасауға және жол салуға жұмсаған жан. Ол өз қолымен паравозды, вагондарды, 11 000 фут темір жол торабын, 30 футтық эстакада мен туннель салып шыққан.  

Темір жол - Тодтың бар махаббаты. Ол жеке өзі паравозға арнап бу қозғалтқышын ойластырып, бірқатар локомотивтерді жасап шығаруға сегіз жыл уақытын жұмсаған көрінеді. Шын паровозбен салыстырғанда бұл паровоздардың көлемдері шағын болғанмен, басқа бөліктері шынайы келген - көмір салатын пешке де орын табылып отыр.

Осы бір пойыз күніне 30-40 адамды тасымалдап тұрады; жұртшылық гольф-клубқа, не болмаса басқа да істеріне бағыт алады. 

Пойыздардан бөлек,  Миллер  кішірігім мұражай ашқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен жыл сайын осы бір кереметтерді көру үшін жұрт қарасы көп келеді; өйткені, мұндай шағын темір жол торабын және пойызға арналған шағын мұражайды көргісі келетіндер көп екен. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: nwvideotours.com

Л. Лига