11 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

11 желтоқсан. Бүгін қандай күн?

Бүгін – Халықаралық танго күні.

11 желтоқсан – аргентиналық әнші, киноактер, атақты "Танго патшасы" Карлос Гардельдің дүниеге келген күні. Және дәл осы күнге Халықаралық танго күні белгіленген.

Мерекенің басты себепкері - Аргентинаға Франциядан келген иммигрант Карлос Гардель жас күнінен бастап тангомен "ауырған". Карлостың есімін осы бидің арқасында ел таныды. Еуропаға келген ол Париж қаласында тангоны салтанатты түрде таныстырды.

Әйткенмен бұл би өнеріне кей елдерде шектеу қойылды. Әсіресе Германия мен Ресей танго десе, ат тонын ала қашты. Бұрындары билеуге рұқсат етілмеген мемлекеттерде де, әлемнің басқа елдерінде де бұл би түрі ерекше танымалдылыққа ие. 

Танго (испанша "tango") – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін Аргентинаның ұлттық биі. Оның философиясы тайталастыққа құрылған. Тангодағы өмір қайнап жатады, ал ортасында – Әйел мен Еркек.

Би барысында сөйлеуге, күлуге, тіпті, бір-бірлерінің көздеріне тіке қарауға болмайды. Керек десеңіз, дауыстап шақыруға да тиым салынады, бұл – қорлаудың белгісі. Көзқарас пен ерін ойнау керек.

Тангоның алғаш танымал болып, қанат жайған жері – Аргентина. Кейіннен күллі әлем танитын, сүйсіне билейтін аса танымал биге айналып шыға келді.

Жалпы, «танго» сөзі 1890 жылдары кеңінен қолданыла бастады. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.

2009 жылдың 30 қыркүйегінде танго – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы ретінде жарияланып, әлем халықтарының жоғарғы бағасына ие болды.

Бүгін – Халықаралық тау күні.

2003 жылыь өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 57-отырысында 11 желтоқсан Халықаралық таулар күні деп жарияланды. Ұйым басшылары осы күні халықаралық қауымдастықты планетамыздың таулы аймақтарының күрделі мәселелеріне назар аударып, тау тұрғындарының жағдайын қамтамасыз етуге шақырды.

Жыл сайын мереке қарсаңында тақырыптық кітаптар жәрмеңкесі, симпозиумдар, дәрістер мен семинарлар және мектептерде тақырыптық ашық сабақтар өткізу дәстүрге айналып кетті. Ал тау сүюшілердің қоғамы бір апта бойында танымдық, ойын-сауық шараларын тоқтатпайды.

Таулар бүгінде Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатыр және 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі саналады. Тау – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.

Бүгін – Дүниежүзілік Демікпеге қарсы күрес күні.

Атаулы күннің белгіленуіне мұрындық болған – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Күннің мақсаты – халықтың назарын кеңірдек демікпесі ауруына аудару, себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру, алдын-алу шараларын, демікпеге ұшыраған жағдайда жеңу жолын, ғылым саласында ашылға соңғы жаңалықтар туралы хабарлау.

Адамдардың демікпеге жиі ұшырауына себеп болып отырған экологияның нашарлығы екен. Статистикалық мәліметтер бүгінде әлемде 300 миллион адамның демікпе ауыруына ұшырағанын көрсетіп отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: activeclub.com.ua, sigils.ru, teamodance.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен