Еуропа – ақиқаттан тыс әлем

Еуропа – ақиқаттан тыс әлем

Еуропа – әлемдік мәдениет орталықтарының бірі, мұндағы әрбір ел өзінше әдемі, бірін-бірі қайталамайды. Көпшілік қауым Еуропаға жасалған саяхат адамның танымын кеңейтіп, білім деңгейін жоғарылатады деп айтып жатады. Енді Еуропаны ақиқаттан тыс әлем деп санайтындар пайда болып отыр.

Конго Республикасының солтүстігінде өмір сүретін мбенджеле тайпасы (ака немесе байака аталып жатады) еуропалық құрлықтың ақыреттік әлем, ал оның тұрғындарының өлген адамдардың жаны екендігіне сенеді.

Мбенджеле тайпасы орманда өмір сүреді. Оларда аңшылық-терімшілік мәдениет әлі күнге дейін сақталған. Халық мың жылдан астам уақыттан бері ата-бабаларының дәстүрі мен наным-сенімдерін жалғастырып келеді. Олардың көршілері била тайпасы да, мбенджеле де тсонг халқына жатады екен.

Олардың барлығы да өркениеті дамыған елдермен қарым-қатынас жасаудан бас тартып отыр. Мбенджеленің әрбір өкілі өлімнен кейін Еуропаға тап болатындықтарына күмән келтірмейді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net