Екі жастағы бала арықтағысы келеді

Екі жастағы бала арықтағысы келеді

Сауд Арабиясында тұратын екі жасар бала әлемдік рекорд орнатты. Ол артық салмақтан арылу үшін хирургиялық ота жасатқан екен. Бұл – осындай отаның көмегіне жүгінген ең жас науқас екен.

Дәрігерлердің алдындағы жалғыз мақсат – баланың асқазанын кішірейту. Себебі, оның салмағы 34 келі жеткен, осының салдарынан бала денсаулығына үлкен қауіптер төніп тұр.

Сәбидің ата-анасы артық салмақтан арылуға арналған басқа да әдістерді, ем-домдарды жасап көрді. Ол 14 айлығында 21 келіге жеткен. Қандай шара қолданылса да бәрі де жарамсыз болып шықты.

Ота жасатқан науқас ұйқы апноэсінен және аяқтың қисаюынан зардап шегеді.

Ота барысында баланың ішіндегі артық майлар алынып тастайды. Нәтижесінде, науқас 15 пайыз салмағын жоғалтып, салмақ қалпына келеді. Дегенмен, мамандар қауымы бұл ота уақыт өте келе дәрумен жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін деген болжамдар айтып отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net