Абайлаңыз, бағдаршам!

Абайлаңыз, бағдаршам!

Сіз бен біз күнделікті өмірде бағдаршам сынды адамзаттың кезекті таңғажайып өнертабысымен жиі ұшырасып қалып жатамыз, оның көмегіне жүгінеміз. Алайда, оны қашан, қайда, кім ойлап тапқандығы туралы жиі ойлана бермейміз. Ендеше, осы ағаттығыңызды бағдаршамдарды мерекесімен құттықтаудан бастаңыз. Себебі, бүгін – Халықаралық бағдаршам күні. 

Адамзат тарихындағы ең тұңғыш бағдаршам ертеректе-ақ, яғни 1868 жылдың желтоқсан айында ойлап табылған. Бұл елеулі оқиға Ұлыбританияның Лондон қаласында, парламент үйінің маңында орын алды. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі – Джон Пик Найт. Ол темір жол саласының қызметкері болатын.

Алғашқы бағдаршамның сырт келбеті бүгінгіден едәуір ерекшеленетін. Екі семафорды тілден (стрелка) тұратын құрылғы қолмен басқарылды: горизонтальды тіл "тоқтауды" білдірсе, 45 градуыс бұрыштамамен жоғары көтеріліп тұрғаны "жүруді" нұсқайды. Түнгі уақытта тілдер өзінің түсімен сәйкес келетін газды шамдармен алмастырылатын. Қызыл – тоқтауды, жасыл – әрмен қарай жылжуды көрсетті. Өкінішке орай, Джон Пиктің туындысының ғұмыры ұзақ болмады. Үш жылдан кейін бағдаршам өздігінен жарылып, полицейді жарақаттады. Бұдан кейін бағдаршам 50 жылға ұмытылды. 

Бұл кезеңдердегі бағдаршамдардың да басты мақсаты – кептелістерге тосқауыл қойып, көліктердің жүруін жеңілдету болатын.

Электр желісімен басқарылатын алғашқы бағдаршамды дүниеге әкелген АҚШ-ты Юта штатының тұрғыны Лестер Вайр екенін білуші ма едіңіз? Ол 1912 жылы қызыл және жасыл түске сәйкес келетін екі сигналды бағдаршам ойлап тапты. Бірақ, бұл жоба патенттелмеді.

1914 жылдың 5 тамызында Амеркианың Кливленд қаласында заманауи құрылғылардың алғашқы үлгілері пайда болды. Оның қызыл және жасыл шамдары болды, ал түстерін ауыстырған кезде дыбыс сигналын шығарып тұрды. Джеймс Хог атты инженердің бастамасымен қолға алынған жобаны шыны үйшіктерде отыратын кезекші полицейлер іске қосатын.

Ал алғашқы үш түсті бағдаршамдар кейінірек, 1920 жылы жасап шығарылды. Олар бір мезгілде Нью-Йорк, Детройт көшелеріне қойылды. Бұл бағдаршамның жобасын жасағандар –  Джон Ф. Харрис пен Уильям Поттс.

Бағдаршамды орнатқан тұңғыш Еуропалық қала – Франция(Париж, 1912 жыл) болып табылады. Англияға электрлі бағдаршамдар 1927 жылы жетсе, біздер оны 1930 жылдардан бастап тани бастадық.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: news.rufox.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді