Адамдар ғимараттан шынымен құлап жатыр ма?

Адамдар ғимараттан шынымен құлап жатыр ма?

Біз көп нәрсеге сене бермейміз. Көзбен көрмегеннен соң ба, қайдам, әйтеуір біреу дәлелдеп берсе ғана есімізді жинап қаламыз. Айла мен ақыл табу да өнер. Ол өнерді өлтірмей алып жүру де өнер. Біз көрген дүниемізге таңданамыз да қоямыз. Оның не үшін, қалай жасалғандығына аса мән беріле қоймайды екен. Біз таңданған дүниелерді жасау үшін жәй ғана қарапайым ой керек. "Америка ашудың түкке де қажеті жоқ!" Тек қана өз айлаңды іске асыр. Дәл мына суретші сияқты.

Аргентиналық суретші Леандро Эрлих (Leandro Erlich) адамдарға өз өнері мен тапқырлығының құпиясын ашуда. Ол көптеген көрерменді жинап алып, миға сыймайтын оптикалық иллюзасымен таныстырды. Dalston House аталатын бұл жұмыс жақында ғана Лондон қаласында таныстырылған болатын.

Кеңістік пен пішінге жасалған ерекше эксперименттері арқасында ол бүгінгі заманғы өнердің білгірі аталып кеткен. Ол адамдарды әлемге бассейннен және есіктен "құлап" бара жатып қарауға үйретті. 


Өзінің жаңа жұмысын өмірге әкелерде ол архитектураға ерекше мән беріп жүрген еді. Сөйтсек, бір ойлағаны бар екен: Ол Лондон қаласында қарапайым үш қабатты үй тұрғызды. Проблема ғимараттың алдыңғы жағы жерге перпендикуляр орналаспағандығында. Үй жердің бетіне салынған. Иә, ол ғимараттың тек алдыңғы бетін ғана жерге жатқыза отырып салған. Одан кейін ол жердегі ғимаратқа қарама-қарсы етіп, дәл соның өлшемімен үстіне үлкен айна орнатқан.

Айна ғимараттағының бәрін көрсетіп тұрады. Тек, керісінше, яғни басқаша. Жерде, яғни ғимаратта болып жатқан барлық жағдай айнадан көрініс тауып отырады. Онда адамдар ары-бері жүрсе де, терезе тұсына жайғасып жатып алса да болады. Кітап оқып, ойын ойнаса да, ешкім «қой» демейді.

Мұның бәрі олардың қақ төбесінде де қайталанып жатады. Жердегі терезеге жайғасып жатып алған адам тік үйдің терезесіне құлағалы жатқан жанға ұқсайды. Ал енді біреулері жердегі ғимараттың терезесінің жақтауынан ұстап тұрса, ол айнадан терезеден құлап бара жатқандай көрінеді. 

Демек, біз таң қалып жүрген кинофильмдер мен фотосуреттердегі кадрлар да осылай түсірілетін болып шықты. Бұл да бір өнер. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: billionnews.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың ұлттық сусындары
Қазақтың ұлттық сусындары
Әлемдегі кітап мұрағаты мол кітапханалар
Әлемдегі кітап мұрағаты мол кітапханалар
Иманбек Usher және Marshmello-мен бірге ән жазды
Иманбек Usher және Marshmello-мен бірге ән жазды
"Телқоңыр" күйінің шығу тарихы
"Телқоңыр" күйінің шығу тарихы
Балаға қатысты салт-дәстүрлер
Балаға қатысты салт-дәстүрлер
Дәрігерлерге үстемеақы жыл соңына дейін төленеді
Дәрігерлерге үстемеақы жыл соңына дейін төленеді