Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алаштың ардақтыларына арналған кеш өтті

Алаштың ардақтыларына арналған кеш өтті

Алаштың ардақтыларына арналған кеш өтті

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Алаштың ардақтылары» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Аталған іс-шара Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 130 жылдығына, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылды. Кештің ұйымдастырушысы - Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы.

"Тар жол, тайғақ кешу заманында ата-бабаларымыз еркіндік пен теңдікті аңсап, егеменді ел болу жолында семсердің ұшымен, білектің күшімен күресіп қана қоймай, халықтың санасын серпілтіп, рухын көтеру мақсатында да аз тер төккен жоқ. Әсіресе, XIX ғасырдың бірінші жартысында «Керегіміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» деп аттандаған азаматтар есімі мәңгі ел жадында қалады", - делінген таратылған ақпаратта.

Кеш көрермені Астана қаласының тұрғыны Хамитбек Махмұтов жиын туралы:

"Алаш партиясының төрағасы Әлихан Бөкейханов болғанымен, оның идеологы Ахмет Байтұрсынов. Ал Түркияның ата түркі Міржақып Дулатовты «Менің оқытушым» деп атаған. Бұл кісілердің рөлі өз заманында өте күшті болған. Қазір қазақ балаларына Алаш партиясы өкілдерінің еңбектерін оқыту керек, жастар Алаштың тарихын білуі керек", - деді.

Кеште Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетті. Сонымен қатар, әншілер ән айтып, күйшілер көрерменді күмбірлеген күйге бөледі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: wikipedia.org

3051 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 28 ақпан 2013, 01:50
Пікірлер
+0
28 ақпан 2013, 12:14

дурыс екен

+0
03 наурыз 2013, 20:14

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш Емеспін жемісі көп тамаша ағаш Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі Пайдалан шаруаңа жараса алаш


Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...