Суретші қыз халықты Наурыз мейрамымен ерекше құттықтады

Суретші қыз халықты Наурыз мейрамымен ерекше құттықтады

Әлеуметтік желіде aru.kink атымен танымал Унарбекова Аружан халықты Наурыз мейрамымен ерекше құттықтады.

Аружан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, сәулет дизайны бойынша білім алып жатыр. Одан бөлек "Тасқын" анимациялық студиясында кейіпкерлер суретшісі ретінде қызмет атқарады. 

@aru.kink #kazakhart #kazakhartist #zoomart #наурыз ♬ оригинальный звук - Dossymkhan Normat

Бала кезінен сурет салатын Аружанға аталмыш идеяны құрбысы ұсынған. Бірақ біраз уақытқа дейін қалай іске асырарын білмеген ол біраз уақыт ізденіс пен үйренуге жұмсағанын айтады.

Бұл видео Tik-Tok желісінде 200 мыңға жуық қаралым, 50 мыңнан аса лүпіл жинаған.

Т. Есқали