Ең бақытты жастар Алматыда

Ең бақытты жастар Алматыда

Алматы қаласы еліміздегі ең бақытты қала деп танылды, деп Tengrinews.kz Exclusive сайтына сілтеме беру арқылы хабарлайды.

Global Monitor компаниясының мамандары Қазақстанның барлық аймақтарында «бақыт индексін» өлшеген. Олар жеті түрлі параметр бойынша үздік қаланы таңдаған екен: денсаулық, қауіпсіздік, экологиялық қысым, білім, хабар алмасу қолжетімділігі, жағдайды түзеу мүмкіндігі және болашақ. 

Сөйтіп, Оңтүстік астана Астананы басып озды. Ал үздік бестікке Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары кірген. Оңтүстік және Алматы облыстары жетінші орында болса, Жамбыл және Павлодар облыстары оныншы орынға тұрақтады. «Бақыт индексін» өлшеушілер ҚР статистика агенттігінің материалдарын пайдаланған.

The Economist Intelligence Unit мамандары 2013 жылы өмір сүру сапасы жақсы делінген 80 елдің ішінен Қазақстанды 74 орынға қойыпты. Саяси тәуелсіздік, өмір сүру ұзақтығы, жұмыспен қамтылуы, гендерлік теңдік секілді принциптер арқылы жасалған рейтингте адамдардардан алынған сауалнамалар да маңызды рөл атқарды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kursiv.kz

А. Құлтай