«Жасыл Қазақстан»: 2 миллиард ағаш қалай отырғызылып жатыр?

«Жасыл Қазақстан»: 2 миллиард ағаш қалай отырғызылып жатыр?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың қыркүйегіндегі жолдауда өңір басшыларына 2 миллиард ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың жетекшілігімен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Осы орайда Массагет порталы әр өңір әкімдерінің ағаш отырғызу мәселесі бойынша жоспарларын ұсынады.

Әлихан Смайлов 2021 жылы 66 мың гектар аумаққа 138 миллион ағаш отырғызылғанын атап өтті.

«Алайда кейбір өңірлер, әсіресе, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары жергілікті бюджеттен қаржыландыру аз болғандықтан жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін», - деді премьер министр.

Алдымен сөз алған ҚР экология министрі Серікқали Брекешев  облыс әкімдіктері орманды қалпына келтіру кешенді жоспарын бекітіп, интерактивті карта дайындалып, керекті құрал-жабдық пен техника сатып алынғанын айтты.

«Өткен жылы жоспарланған 44,3 гектар орнына 66 мың гектар алқапқа 138 миллион ағаш отырғызылды. Биыл көктемде ағаш отырғызылуға жоспарланған 66,9 мың гектардың 39 мың гектарына 106,4 миллион ағаш отырғызылды. Орман дақылдарының негізгі көлемін аяқтау күз мезгіліне жоспарланған. Сонымен бірге мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 100 мың гектар аумаққа сексеуіл отырғызылды. Биыл 250 мың гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарланған.  Осы жылдың көктемінде 12 гектарға сексеуіл отырғызылды. Қалған 238 мың гектар алқапқа күзде сексеуіл егіледі. Осылайша жоспарланған іс толығымен орындалады», - деді Серікқали Брекешев.

Ағаш отырғызу оның ішінде орман қорын молайту

Алматы облысы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев:

Алматы облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 3,2 миллион гектар. Оның ішінде орман алып жатқан аумақ – 1,6 миллион. 2020 жылғы мемлекет басшысының жолдауына сәйкес Алматы облысында орман көлемін ұлғайту мақсатында 2025 жылға дейін кешенді жоспар әзірленген. Осы жоспарға сәйкес 24,3 мың гектар алаңда 52,2 миллион ағаш өсіріледі. 2021 жылы мемлекеттік орман қорын 1,5 миллион гектар жеріне жоспарға сәйкес көшет отырғызу, тұқым себу жұмыстары жүргізілген. Биыл көктемде 139,9 гектар жерге толықтыру жұмысы жүргізіліп, 191,8 мың көшет отырғызылды. 2022 жылы былтырға қарағанда ағаш отырғызу көлемін 2,5 есе ұлғайту жоспарланып отыр. 3,8 мың гектар аумақта ағаш өсіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 450 миллион теңге бөлінген. Бүгінде 175 гектар жерге 578 мың көшет отырғызылған. Күзге тұқым себуге арналған 3,6 мың гектар жердің 2,6 мыңы дайындалған. Алдағы орман өсіру жұмыстары әзірленге және тұрақты бақыланып жатыр.

Жамбыл облысы әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы:

 «Жасыл Қазақстан» ұлттық жоба аясында облыс 4 бағыт, 7 міндет және 11 көрсеткіш жүзеге асырылу көзделген.

Бұл бағыт бойынша су шығынан 4 милион текше метрге азайту көзделген.  Облыстағы суармалы жердің көлемі 179,2 мың гектар. Оған жылына 1,6 миллиард су қажет. Суармалы алқапты қалпына келтіру 6 бағыт бойынша әзірленген. 2025 жылға дейін су шығынын 750 текше метрге дейін қысқарту жоспарланған. Бүгінде халықаралық қаржы институттары арқылы суару жүйелерін жаңғырту есебінен 25,1 мың гектар алқап қалпына келтіріліп 151 миллион текше метр су үнемделген. Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясы да 2022 жылы 50 мың гектар аумаққа орналастырып, былтырғы жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға ұлғайтылған. Нәтижесінде70 миллион текше метр су үнемделген.  Алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен 6 жаңа су қоймасы салыну көзделген. Оның ішінжһде 3 суқоймасының құжаты әзірленген, қалған 3 су қойманың құжатын әзірлеуге 243 миллион теңге бөлінген.

Жамбыл облысында жалпы орман қоры 4,4 миллион гектр. Орман басым аумақ – 2,3 миллион гектар. Бұл жалпы жер көлемінің 32,7 пайызын құрайды. Кешенді жоспарға сәйкес облыста 2021-205 жылдар аралығында 140,8 миллион ағаш отырғызылу жоспарланған. Оның ішінде:

2021 жылы 5,7 миллион ағаш (4,6 млн сексеуіл, 1,1 млн қарағаш)

2022 жылы 15,5 миллион ағаш (13 млн сексеуіл, 2,2 млн қарағаш)

2023 жылы 22,5 миллион ағаш (20 млн сексеуіл, 2,5 млн қарағаш).

Т. Раушанұлы